Рұқсат қағаздар мен келісулерді алу

МАЗМҰНЫ:
Қолдану саласы
Лицензия алу
Техникалық шарттар алу
Жобалау құжаттамасына келісу
Құрылысқа рұқсат қағаз алу

Осы процедура рұқсат қағаздар мен келісімдерді алу үшін қызмет көрсету бойынша жауапкершілік пен жұмыстардың орындау тәртібін анықтайды.

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

Осы процедура «ABE&K» ЖШС-ң (бұдан әрі – Компания) инженерлік-техникалық бөліміне таратылады.

2 ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ

Лицензия – лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға бөлек бір қызмет түрімен айналысуға берілетін рұқсат қағаз.

Лицензия беретін уәкілетті мемлекеттік органдардың толық тізбесі мен олардың құзыреті заңнамамен белгіленген.

Лицензия алу процедурасы субъекттер бойынша бөлінеді, субъектке қарай лицензия алу үшін қосымша талаптар белгіленген.

Міндетті түрде лицензиялауға жататын қызметтердің түрі Заңмен көрсетілген. Сұраным түскен қызмет түрінен тәуелді, заңмен лицензия алу бойынша талаптардың тізілімі көзделген.

Лицензия алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Нышаны Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін белгіленген үлгідегі арыз;
  2. Лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттар;
  3. Қызметтің бөлек бір түрлерімен айналысу құқығын беретін лицензия алымының бюджетіне төлем жасағанын растайтын құжат;
  4. Заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік қайта тіркелу туралы куәліктің көшірмесі.

Бірақ, практикада осы тізім, сұраным берілген қызмет түрінен тәуелді, толықтырылуы және/немесе кеңейтілуі мүмкін.

3 ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР АЛУ

Техникалық шарттар – коммуникациялардың барлық түрлерін қосуға рұқсат қағаз алу үшін қажетті құжат (газ, электр, су құбыры, ағынды және нөсерлі канализация). Техникалық шарттар қосылу схемасы мен коммуникациялардың барлық түрлеріне қосылу үшін қандай жұмыстар орындалуы қажет екені жөніндегі құжат. Олар беру шарттары мен бөлінген қуаттың мөлшерін анықтайды. Техникалық шарттарға орындалуға қажетті экологиялық нормативтері кіреді.

Техникалық шарттар, қажет болған жағдайда, жабдықтаушылар мекемесінен және осы желілердің иелерінен сұратылады. Ертерек берілуге тиісті осы нысанның инженерлік қамтамасыз етуіне берілген рұқсат қағаз сұраным үшін негіз болып табылады.

Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін жабдықтаушылар, тапсырыс берушінің сұранымы бойынша болжалды құрылыстың маңында сұратылған (жобаланған) параметрлерде пайдаланымға енгізілген нысанның тұрақты жұмыс жасауына талап етілетін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар береді немесе дәлелді бас тартады. Сұратылған (жобаланған) параметрлерде техникалық шарттар беруден бас тарту Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңына сәйкес жасалады.

Техникалық шарттарды алу тәртібі

  1. Тапсырыс берушінің техникалық шарттарды алуға сұранымы (шарт, тапсырыс-жүктелім);
  2. Компания сұранымды жабдықтаушылар мекемесіне және желілер иелеріне жолдайды;
  3. Жабдықтаушы мекемелері мен желілер иелері сұранымды қарап, техникалық шарттар береді;
  4. Техникалық шарттарды алған соң Компания оны тапсырыс берушіге береді.

4 ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТТАМАСЫНА КЕЛІСІМ АЛУ

Жобалау құжаттамасына келісім алу – нысандағы құрылыс жұмыстардың басталуына рұқсат қағаз алу жолындағы қажетті кезең.

Оны жүргізген кезде жобалау шешімдердің бар техникалық нормаларға, қолданыстағы құрылыс нормалар мен нормативтерге сәйкес келуіне тексеру жүргізіледі.

Кез келген қолда бар жобалау құжаттамаға келісім алу қажет, әр түрлі нысандардың мемлекеттік құрылымдағы келісу тәртібінде маңызды айырмашылықтары болуы мүмкін.

Жобаға келісім алу тәртібі

  1. Тапсырыс берушінің қорытынды және келісім алуға арызы;
  2. Компания қажетті келісімдер мен қорытынды алу үшін мемлекеттік органдарға құжаттар пакетін жолдайды;
  3. Мемлекеттік органдар ұсынылған құжаттаманы қарайды;
  4. Мемлекеттік органдар қорытынды береді немесе жобаға келіседі, немесе ескерту жасайды.
  5. Компания қорытындылар мен келісімдерді Тапсырыс берушіге береді;
  6. Ескертулер жасалған жағдайда ескертулер бойынша жұмыс жүргізіледі;
  7. Ұайта қаралған құжаттар пакеті мемлекеттік органдарға ұайта жолданады.
  8. Мемлекетті органдар қорытынды береді немесе жобаға келіседі.
  9. Компания қорытындылар мен келісімдерді Тапсырыс берушіге тапсырады.

5 ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ ҚАҒАЗ АЛУ

Әрбір құрылыс немесе жаңғырту жұмыстары, сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстары басталмастан бұрын салушы тиісті түрде ресімделген құжаттарды, бірінші кезекте – жылжымайтын мүлік нысаның салуға қажетті рұқсат қағаздарды алуы қажет.

Құрылысқа рұқсат қағаз алу – қала құрылысы нормативтерін, бекітілген қала құрылысы құжаттамасының талаптарын орындау, сонымен қатар қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруге жол бермеу мақсатында тапсырыс берушіге (салушыға) берілетінсәулет жобасын іске асыру үшін негіз болып табылады.

Құрылысқа ресімделген рұқсат қағаз жобалау құжаттамасының ҚР-ң қолданыстағы нормативтеріне сәйкес келуін растайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағаздар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативті ұзақтығының мерзіміне беріледі. Егер нысан нормативті ұзақтығы мерзімінің ішінде аяқталмаса, құрылысты жалғастыру үшін тапсырыс беруші міндетті (салушы) жаңа рұқсат қағаз алады.

Құрылысқа рұқсат алу қажетті құжаттар пакеттің жинауы мен толықтай ресімдеуін тұспалдайды. Құрылысқа рұқсат қағаздар болмаған жағдайда жұмыстың басталуы құрылыс иесіне қатысты айыппұлдық санкцияларға әкеп соқтырады.

Құрылысқа рұқсат қағаздар алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Арыз;
  2. Құрылыс үшін жер телімін беру туралы ауданның (қаланың) жергілікті атқару органдарымен берілген шешімнің көшірмесі;
  3. Жобалау-сметалық құжаттамасының жаратымды сараптау қорытындысының көшірмесі (бір кезеңді жобалаумен жұмыс жобасы бойынша немесе екі кезеңді жобалаумен жоба бойынша);
  4. Бас мердігердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін іске асыру құқығын беретін құрылыстық-монтаж жұмыстар түрлерінің тізімі бар мемлекеттік лицензияның көшірмесі.

Әдебиет:

2001жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының №242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы

2007жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының №214-ІІІ «Лицензиялау туралы» Заңы

СНиП РК 1.01-32-2005 ҚР ҚНжЕ Құрылыс терминологиясы

СНиП РК 1.02-01-2007 ҚР ҚНжЕ Құрылыстың жобалау құжаттамасын жасақтау, бекіту тәртібі және құрамы туралы нұқсаулық

2010 жылғы 9 наурыздағы Қазақстан Республикасының құрылыс және тқрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша Агенттігі төрағасының №92 «Құрылыстық-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қажетті рұқсат қағаздар Тізімін бекіту туралы» бұйрығы