Авторлық қадағалау

Авторлық қадағалау «Жоба жасақтаушылардың кәсіпорын, ғимараттар, құрылғылар салуына және олардың күрделі жөндеу жасауына авторлық қадағалау жасау туралы ережелері» 1.03-03-2001 ҚРҚНжЕ, «Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрілігінің құрылыс қызметі бойынша Комитет төрағасының 2004жылдың 20 қазандағы №406 «Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен және 2001жылғы №242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

«Авторлық қадағалау» 34 бабына, 2001жылғы 16 шілдедегі №242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына авторлық қадағалау келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  1. Осы Заңның 68 бабына сәйкес мемелекеттік қабылдау комиссиясымен пайдаланымға қабылдануға жататын нысандарды салған кезде;
  2. Нысанның жобалауын, инвестицилауы мен құрылысын жүргізетін мекеменің өкімгерлік құжаттарына (бұйрығына) сәйкес;
  3. Осы Заңның 15 бабына және Қазақстан Республикасының «Авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдаланымға қабылдануға жататын нысандар салынған кезде жүргізілетін авторлық қадағалау шарттың негізінде жүзеге асырылады.

Мұндай жағдайларда авторлық қадағалау құрылыстың бүкіл кезеңінің ішінде (қайта құру, қалпын келтіру, кеңейту, техникалық қайта құралдану, жаңалау, күрделі жөндеу) немесе аяқталмаған нысандардың құрылысын уақытша тоқтатып қойған кезде жүзеге асырылуы қажет.

Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген мемлекеттік нормативті құжаттармен белгіленеді.

Авторлық қадағалау шарттың (сұранымның) негізінде жүзеге асырылады, шарттың негізінде авторлық қадағалау жетекшісі және авторлық қадағалауды іске асыру үшін жауапты маман тағайындалады.

Авторлық қадағалауды іске асырған кезде пайдаланатын негізгі құжаттар:

  1. Авторлық қадағалауды іске асыру үшін құрылыстың жиынтық шығын сметасы;
  2. Екі данада жүргізілуге тиісті авторлық қадағалау жорналы, біреуі авторлық қадағалауды іске асыратын маманда болады, екіншісі, құрылыс аяқталуына дейін сақталалу үшін қол қойылып құрылыс-монтаж жұмыстардың бас мердігеріне беріледі;
  3. Жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы бұйрық (шешім);
  4. Сараптау және жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібімен сәйкес орындалған жұмыс жобасы (жоба) бойынша сараптамалық қорытынды;
  5. Бас мердігер құрылыстық, монтаждық мекеме басшысының ғимаратты, құрылғыны салуға немесе жөндеуі үшін жауапты тұлғаны (шебер, прораб, құрылыс учаскесінің бастығы) тағайындау туралы бұйрығы;
  6. Мемлекеттік сәулет-құрылыстық инспекция органдарының алдында құрылыстық-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлғаның қолы;
  7. Жер телімі шекараларын бөлу туралы актісі;
  8. Жер теліміне ие болу және пайдалану құқығын беретін акт;
  9. ғимараттар мен құрылғылардың негізгі осінің геодезиялық бөліктеуін тексеру актісі;
  10. ғимараттар мен құрылғылардың негізгі осінің геодезиялық бөліктеуін тексеруі авторлық қадағалау өкілінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
  11. белгіні басқа жерге орнату актісі;
  12. құрылыс мекеменің жоба ұйымдастырудың негізгі құжаттары (бұдан әрі – ҚҰЖ);
  13. жұмыс өндіру жобасының негізгі құжаттары;
  14. бас мердігермен «Жұмыс өндірісіне» деген мөртабан қойылған құрылыстық-монтаж мекемесінің бас инженерінің қолы қойылған жұмыс сызбалар;
  15. линиядағы инженерлік-техникалық қызметкерлердің сейсмикалық аудандағы құрылыстық-монтаждау жұмыстарын өндіру құқығын беретін куәлік;
  16. пісіретін монтаждау бетонды және т.б. жұмыстарды өндіру жорналдары;
  17. бүркемелі жұмыстардың, атқару сызбалар, съемка жасау және т.б. актілері;
  18. авторлық қадағалау жүргізген кезде, ерекше назар аударуды талап ететін құрылыстық-монтаж жұмыстардың негізгі тізімі, шарт құжаттамасының айқындауышында келтірілу мүмкін;
  19. құрылма сынағы мен құрылыс материалдардың, төлқұжаттардың, сертификаттардың талдау нәтижелерінің актілері;
  20. авторлық қадағалау өкілінің міндетті түрде қатысуымен бөлек, құрылысы аяқталған жүйелерді, нысандардың сынағын өткізу және пайдаланымға қабылдау актілері.

Авторлық қадағалауды жүзеге асырған кезде пайдаланатын негізгі құжаттардың формасы құрылыстық нормалармен және ережелермен бекітілді.

Авторлық қадағалау технологиялық, пайдаланымға енгізілген құрылыс нысандардың технологиялық, сәулет-құрылыстық және басқа да техникалық шешімдері мен техникалық-экономикалық көрсеткіштерін бекітілген жобаларда (жұмыс жобаларда) көзделген шешімдер мен көрсеткіштерге сәйкес келуін, сондай ақ жоба жасақтаушылардың, құрылыстық-монтаж мекемелердің және тапсырыс берушілердің салып жатырған немесе қайта жаңғыртып жатырған ғимараттардың, құрылғылардың жоғары сапасын қамтамасыз ету және олардың сметалық құнын сақтаубойынша жауапкершілігін көтеру мақсатында жүзеге асырылады. Жоба жасақтаушылардың авторлық қадағалауы тапсырыс беруші үшінтапсырыс берушінің де, жоба жасақтаушының да меншік түрінен тәуелсізміндетті түрде жүргізіледі.

Авторлық қадағалау бойынша инженердің қызметі мен міндеттері

Авторлық қадағалау бойынша инженер лауазымына тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі, біліктілігі бар тұлға тағайындалады. Авторлық қадағалау бойынша инженер өз қызметінде ішкі ережелермен, бұйрықтармен және басқа да құжаттармен, тапсырыс берушінің айрықшалауымен, сондай ақ ҚР-ң нормативті-техникалық құжаттарын қолдануға тиісті.

Авторлық қадағалау бойынша инженер, жұмыс басталмастан бұрын, тапсырыс берушімен авторлық қадағалау жүргізуге жасақталған шартпен, жоба алдындағы, жобалау-сметалық құжаттамасымен және осы нысанның құрылысының процессіне қатысты басқа да құжаттармен танысуы қажет.

Авторлық қадағалау бойынша инженер:

  • Бекітілген жоба мен оның негізінде жасақталған жұмыс құжаттамасымен көзделген шешімдерге сәйкес келу мақсатында нысандардың құрылысына авторлық қадағалау жасауға;
  • Құрылыс процессінде орындалған жұмыстардың жұмыс құжаттамасымен көзделген және жұмыс құнының сметасымен бекітілген жоба шешімдеріне сәйкес келуін, орындалып жатырған жұмыстардың құрылыс ұйымдастыру жобасына, құрылыстық-монтаж жұмыстары мен технологиялық және басқа да құрал-жабдықтар түрін монтаждау бойынша өндіріс сапасына сәйкес келуін тексеру;
  • Құрылыс бұйымдары, құрылмалар мен басқалары құрылыс нысанында жасап шығарылатын құрылыс бұйымдардың, құрылмалардың, детальдердің өндіруіне авторлық қадағалауды жүзеге асыру;
  • Құрылыс процессінде туындаған жобалау құжаттамасы бойынша мәселелерді уақтылы шешуге;
  • Құрылыс барысында айқындалған жобалау құжаттамасынан шегінулерді және құрылыс нормалары мен ережелерді, құрылыстық-монтаж жұмыстарды өндіру бойынша техникалық шарттарды тіркеуге қажетті авторлық қадағалау жорналын жүргізуге;
  • Авторлық қадағалау жорналына енгізілген нұсқаулардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. Айқындалған шегінулер мен бұзушылықтарды жою бойынша нұсқаулар уақтылы не сапалы орындалмаса, авторлық қадағалау бойынша жорналға оларды жою қажеттілігі туралы қайта жазып, тапсырыс беруші мен бас мердігер мекемесінің басшысына шегінулер мен бұзушылықтарды жою үшін жедел шаралар қолдануы жөнінде жазбаша түрде хабарлауға;
  • Тапсырыс берушінің техникалық қадағалауымен бөлек жауапты құрылмаларды қабылдауында, сондай ақ негізгі жұмыстардың куәландыру актілерін жасақтауында қатысуға;
  • Ғимараттардың маңдай бетін, интерьерді әдемілеу, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыс сапасын бақылауға;
  • Жобалау-сметалық құжаттамаға белгіленген тәртіпте толықтырулар мен өзгерістер енгізуге;
  • Құрылыс-монтаж жұмыстардың өндіріс сапасын жақсартуға, бағаның төмендеуіне, құрылыс мерзіміне және т.б. бағытталған бас мердігер құрылыс мекемесінің ұсыныстарын қарауына қатысуға;
  • Құрылыс нысана жақын орналасқан нысандардың пайдалану сапасын сақтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруын бақылауға;
  • Құрылыс нысандарына барған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті.