Қызметі

Ғимараттар мен құрылғыларды жобалау

Ғимараттар мен құрылғылардың жобалауы құрылыстың міндетті, негіз болатын кезеңі болып табылады. Ол біртұтас жүйесін құратын жұмыстан құрылады, оның ішіне сәулет, құралымдық, технологиялық, инженерлік, сонымен қатар дизайнерлік шешімдер кіреді. Құрылыстың сенімділігі, тұру және жұмыс жасау жайлылығы, төзімділігі, көз тартатын сыртқы түрі, нысанның қауіпсіздігі  жобаның  сапалы орындалуына байланысты.

Біздің компаниямыздың штатында білікті, тәжірибелі конструкторлар, сәулетшілер, ғимараттар мен құрылғылардың жобалауын жоғары, қазіргі замандағы деңгейде орындауға қабілетті, қызметтердің сапасына кепіл болатын инженерлер бар. 

Жобалаудың негізгі кезеңдері

«АBE&K» ЖШС-і тапсырысшының қалауын, жеке тәжірибесін, құрылыста белсенді пайдаланылатын қазіргі замандағы технологиялардың мүмкіндіктері мен нормативті талаптарды қатар қолданып, жұмыстарды бірнеше кезеңмен орындайды.

  • 1-кезең – ТТ (техникалық тапсырма) дайындау (клиентпен сөйлесу, ғимараттарды немесе қандай болса да құрылғыларды жобалау бойынша кепілдеме беру, нысанның жалпы сәулет/жоспарға сай орналастыру түрі жасақталады).
  • 2-кезең– эскиз жобасы (жерді тексеру, өлшеу, зерттеу, құралымдық және сәулет шешімдері дайындалады, қағаз құжаттардан басқа, тапсырыс берушіге ұсынылатын нысанның компьютерлік үлгілері).
  • 3-кезең – жұмыс құжаттамасын қоса алғанда, жобаның түпкілікті жасақталуы.